08
декабрь
2023
8.12.2023
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясында 2023 жылдың 8 желтоқсан күні Республикалық бірыңғай "ЖАС ҰЛАН " мен "ЖАС ҚЫРАН" балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.Қазақстанның Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай арналған, сондай-ақ жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанаты өтті. «Жас Ұлан» ұйымына 264 оқушы және «Жас Қыран» ұйымына толық 293 оқушы қабылданды. Оның ішінде жалпы үздік оқушылар 102 болса, ал екпінділердің жалпы саны 178. Қабылданған оқушыларға галстук және төсбелгілері табысталды.


