Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефоны приемной:
(87252) 20-08-91
(87252) 46-90-21
Версия для
слабовидящих
02
ноябрь
2023

02.11.2023

ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР" жобасы аясында Шымкент   қаласының білім басқармасына қарасты Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясында айлық жоспарға сәйкес,  күзгі демалысты тиімді пайдалану мақсатында оқушылар мен ата-аналардың, сонымен қатар мектеп мұғалімдерінің қатысуымен "САЛТ-ДӘСТҮР АСЫЛ ҚАЗЫНА" атты тәрбие сағаты өткізілді. 
Бүгінгі өтілген іс-шарамызда қазақ халқының  салт-дәстүріне, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған әдет- ғұрыптарын ұрпаққа  ұғындыру негізінде " АТ ҚОЮ", " БЕСІККЕ САЛУ", " ТҰСАУ КЕСУ" секілді ұлттық құндылықтарымыз дәріптелді.  Сондай-ақ түрлі ұлттық ойындар ойнатылып, қазақтың ұлттық тағамдары насихатталды. 
 Іс-шараның мақсаты: "Салт-дәстүр", "әдет-ғұрып" ұғымдарының мәнін ашу және оларды сақтап, құрметпен қарау өркениетке барар жолдағы ұлт болашағын айқындайтын факторлардың бірі екендігін ұғындыру. 
 Осындай керемет іс-шараны ұйымдастырып, жауапкершілікті өз мойнына алған Баумышева Гүлнұр ұстазға және бүгінгі іс-шараға белсене ат салысқан  ата-аналарымызға алғыс айтамыз!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив