Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефоны приемной:
(87252) 20-08-91
(87252) 46-90-21
Версия для
слабовидящих
» » » Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» ақындық номинациясы бойынша қалалық кезеңнің жеңімпазы
30
август
2023

Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» ақындық номинациясы бойынша қалалық кезеңнің жеңімпазы

2023 жылғы 29-30 маусым аралығында Оқу- ағарту министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен “Алматы облысының білім басқармасы” мемлекеттік мекемесінің “Жас дарын” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы бірлесіп өткізетін республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауы ақиық ақынның туған жері Қарасаз ауылында ұйымдастырылып өткізілді. Осы байқауға Шымкент қаласының намысын қорғауға «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» ақындық номинациясы бойынша қалалық кезеңнің жеңімпазы Т. Рысқұлов атындағы № 25 мектеп-гимназиясының мақтанышы, түрлі қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық өнер, білім сайыстарының жеңімпазы 10 «Б» сыныбының дарынды оқушысы Ермахан Шұғыла қатысып, республикамыздың барлық өңірінен келген оқушылардан «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанып, Бас жүлде және ақшалай сертификатқа ие болды. 
Республикалық додадан оза шапқан гимназиямыздың, Шымкент қаласының мақтанышы дарынды да  өнерлі Шұғыланы жеңісімен құттықтаймыз! Поэзия әлемінде қадамың нық, қаламың қарымды болып, әлі де талай биіктерді бағындыруға деген талпынысың тек алға қарай жетелей беруіне тілектестік білдіреміз! 
    Ұстазы Азимханова Бакыткуль Нурлыхановнаға ұстаздық жолында шығармашылық шарықтау тілейміз!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив