Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефоны приемной:
(87252) 20-08-91
(87252) 46-90-21
Версия для
слабовидящих
15
октябрь
2019

Мектебіміздің жетістіктері

Мектебіміздің жетістіктері.

         2018-2019 оқу жылы 

Халықаралық, республикалық олимпиада жүлдегерлері – 52.

Оқушылардың қалалық, облыстық пән олимпиада жүлдегерлері – 46.

Әдеби байқаулардың жүлдегерлері – 12.

Жеке пәндер бойынша олимпиадаларды жүлдегерлері - 19. 

Ғылыми  жоба сайыстарының  жүлдегерлері – 24.

Интеллектуалдық сайыстардың жүлдегерлері – 205.

Қазақстан интернет олимпиада жеңімпаздары – 235.

Өнер және спорт байқау мен жарыстарының жеңімпаздары – 56.

         2018-2019 оқу жылында оқушылар арасындағы облыстық пәндер олимпиадасында 10 сынып оқушысы Омарбекова Сания І орын иеленіп, Қызылорда қаласында өткен республикалық оқушылар олимпиадасына жақсы нәтижемен қатысып қайтты.  8-11 сынып оқушылар арасындағы қалалық пәндер олимпиадада 17 оқушы жүлдеге ие болды. 

         Халықаралық интеллектуалдық байқауларға оқушылар қызығушылықпен қатысып, «Русский медвежонок  –   языкознание для всех»,  «Золотое руно», «British buldog», «Кенгуру – математика для всех» ойын-байқауларына қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Республикалық «Ақбота» байқауында 44 жүлделі орын, облыстық «Самұрық», «Алтын ұрпақ», «Ақжелкен», «Бәйтерек», «Алтын қыран», «Алтын тобылғы», «Шамшырақ» зияткерлік сайыстарда - 297 жүлделі орын алды. 

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік  рәміздеріне арналған "Алтын пырақ" облыстық эссе байқауы. 11 «Б» сынып оқушысы Рыстанбекова Айкен ІІ орын иеленді.

         "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде, Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласының негізінде ұйымдастырылған қалалық "Ұлы дала аңыздары" атты сурет байқауында 10 «Б» сынып оқушысы Биева Айнур бас жүлде алды.

         "Тәуелсіздік - тұғырым" атты патриоттық ән байқауында 7 «А» сынып оқушысы Тілектес Аяжан бас жүлде иеленді.

         ІІ қалалық мектеп оқушыларының ашық дебат турнирінде 10 «Ә» сынып оқушысы Сәдуахас Нұрдәулет «Үздік спикері» номинациясымен марапатталды.

         Мұғалімдердің жетістіктері де көп. Мұғалімдер арасындағы өткізілген қалалық, облыстық, республикалық шығармашылық байқауда 14 ұстаз жеңімпаз атанды. 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив