Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефоны приемной:
(87252) 20-08-91
(87252) 46-90-21
Версия для
слабовидящих
15
октябрь
2019

Мектептің төлқұжаты

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы туралы

МӘЛІМЕТ

Мектеп 1981 жылы А.П.Гайдар атындағы №25 қазақ-орыс орта мектеп болып іске қосылды. 

1983 ж. қазақ орта мектеп болды.

1990 жылы 19 шілдеде   Тұрар Рысқұловтың есімі берілді.

 2000 жылы 14 сәуірде  “гуманитарлық этнопедагогикалық мектеп-гимназия” статусына  ие болды.

Оқыту тілі – қазақ тілі.

Эксперименталдық алаң кезеңі -1996-1999 жж.

Дәстүрлі  „Гимназия күні“ -14 сәуір.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,“Шығыс” мөлтек ауданы, 62.

Электрондық пошта: ms.shkola25@mail.ru

Сымтетіктері:                 20-08-91,  46-90-21, 46-91-01

Мектеп   директоры: Жанабаева Роза Уызбекқызы.

Мектеп типі: жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы

Жобаның қуаттылығы: 1176

Ғимарат типі: типтік, 3-қабатты

     Мектеп-гимназия  2 ауысымда жұмыс істейді. 

2018-2019 оқу жылында мектепте барлығы 1903 оқушы білім алуда, 68 сынып комплектісі бар, оның  34 гимназия сыныптары.

Материалдық-техникалық базасы

Мектепте барлығы 39 кабинет бар.

Мектепте 2 мұражай («Т.Рысқұлов мұражайы», «Этнографиялық

мұражай») жұмыс жүргізеді.

Интернет желісіне қосылған. Информатика кабинеттері-2, интерактивті тақтасы-11. Мультимедиа кабинеті бар. 

    2012 жылы «E-learning» электронды оқыту жүйесін енгізу» жобасы бойынша жабдықталған. «Kundelik.kz», «i-mektep» электронды журналдар жүргізіледі.

  2018 жылы “роботрек” конструкторының жабдықтары мектепке берілді. 7-8 сынып оқушыларына арналған “Робототехника” үйірмесінің 3 тобы жұмысты бастады. 2 жетекші мұғалім, 36 оқушы қатысады. Жыл бойы техникалық көрмелерге қатысып, өз қолымен құрастырған роботтарды таныстырды. 

Психологиялық қызмет кабинетінде 2 психолог маман жұмыс істейді. 1 әлеуметтік педагог қызмет атқарады.

Медициналық кабинетте алғашқы көмек көрсету және медициналық алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін қажетті барлық құралдармен жабдықталған.

Асхана: барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жағдай жасалған. Көлемі- 133,2 м2 , орын саны: 90. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған. Мектепте ыстық тамақпен 517 оқушы қамтылған, оның ішінде міндетті білім қоры тарапынан  ұйымдастырылған ыстық тегін тамақпен 137 оқушы қамтылған. Оқушылардың тамақтану кезінде асханада кезекшілік ұйымдастырылған. 

Спорттық залдары : спорт зал (295,2 м2) -1, спорт алаңы – 3 (баскетбол, волейбол, футбол),  гимнастикалық зал (65 м2) - 1.

   Шеберханалар саны - 2: ағаш өңдеу, тігін шеберханасы.

   Кітапхана:  кітап қоры - 25433 кітап, оқырмандар залы - 1.

Тұрақты оқырман саны - 1312.

Мұғалімдердің саны

жоғары

І санат

ІІ санат

Санаты жоқ

150

52

28

29

36

«Педагог-зерттеуші» - 27

«Педагог-сарапшы» - 6

«Педагог-модератор» - 9


Тренер – 4
Эксперт – 2
І деңгей бойынша сертификатталған -3
ІІ деңгей – 1
ІІІ деңгей - 22
магистр-8
Педагог кадрлар

*  1 мұғалім „Ы.Алтынсарин“ төсбелгісінің

*  5 мұғалім „ҚР Білім беру ісінің үздігі“, 

* 11 мұғалім „ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасының“ және „ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатының“   иегерлері. 

Авторлық бағдарламалар, әдістемелік құрал - 7 мұғалім.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив