12
декабрь
2020
Бахытжан Мерей Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия 9 «Г» сынып оқушысы 28.03.2006ж.т. Шымкент қаласы
Аң стилі
Жақында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен жақынырақ танысуға мүмкіндік туды. Бұған дейін мұндай дүниенің бар екенінен хабарым болғанымен, ерекше көңіл бөлмеген екенмін. Жақынырақ таныса келе, қазақ тарихына, оның ішінде түркі әлеміне өзгеше көзқарас қалыптасуға ықпал етті. Әсіресе, мақаладағы «Тіпті, қазақтың кейбір ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым əріде жатқанын айғақтайды»,- деген сөздер бұл тарихи құжаттың салмағының тым ауыр екендігін айғақтай түсті.
Мақала екі «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде еліміздің жеті кереметі туралы айтылады. Қазақ тарихында сақ дәуірінің алар орны ерекше. Соның ішіндегі аң стилін айтайық. Аң стилі біздің заманымыздан бұрынғы жетінші ғасырдан бастап дамыған. Ол үш кезеңнен тұрады: тыныштық кезіндегі бұғы, қозғалыс кезіндегі жануар, тек бір бөлігі бейнеленген бұғы. Аң стилі біздің мәдениетте ерекше көрініс табады. Қола дәуірінің аяғынан бастап қалыптасқан аң стилі қоғамда болып жатқан өзгерістердің айнасы деп айтсам қателеспеймін. Сол сақтармен ғұндар дәуірінде металлургияның қаншалықты дамығанын аң стилі арқылы байқаймыз. Осындай керемет дүниелер біздің ежелгі ата-бабаларымыздың ғұлама мықты болғанын металлургияны меңгергенін білдіреді. Сонымен қатар аң стилі адамзат пен табиғаттың байланысын көрсетеді. Онда жыртқыш құстар мен жыртқыш аңдар мүйізді арқарлар, бұғылар бейнеленген.
Бұғы сақтар түсінігінде үлкен мағынаға ие. Бұғы бейнесінің қолданылуына мысал келтіретін болсақ, оған Тамғалы тас петроглифі 2016 жылы Елеке сазынан табылған мүйізсіз бұғы бейнесі жатады. «... аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тəжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың жəне құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі əдістерін жақсы меңгерген»,- деп көрсетілген мақалада. 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық мұражайда болғаным бар. Сол жолы мұражайдың бір бөлігі сақ мәдениетіне арналған екен. Сақ дәуіріндегі қолөнер бұйымдары, әсіресе, зергерлік бұйымдары менің қатты таңданысымды тудырған. Зергерлік бұйымдарда аң стилі өте көп қолданылған екен. Маған ерекше әсер еткені зергерлік бұйымдар сол заманда жануарлар бейнесінде өте кіші көлемде (оны толыққанды тамашалау үшін арнайы ұлғайтқыш айна қойылған) жасау мүмкіндігінің болғаны, яғни бұл қанша ғасыр бұрын зергерлік өнердің өте жоғары деңгейде дамығанын айғақтайды. Сәйкесінше, бұл ата-бабамыз біз ойлағандай кемшін дамыған халық емес, керісінше, техникасы, мәдениеті сол дәуірде жоғары деңгейде дамып, Өркениетті елдің көшін бастап тұрғынының айқын дәлелі.
Аң стилі өткен дәуірде қалып қойған жоқ, біздің халқымызбен біте қайнасып кеткен. Қазіргі таңдағы аңдық стильге біз тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы мен Туын жатқыза аламыз.
Қорыта келгенде, менің айтарым, аң стилі - еліміздің асыл мұрасы. Бүгінгі күні бұл стиль сәулет өнерінде өз жалғасын тауып келеді. Оны тек ұтымды пайдалану керек. Сөзімді Елбасымыздың мақаласындағы үзіндімен аяқтағым келіп отыр: «...«аң стилі» феномені əлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады».