Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефоны приемной:
(87252) 20-08-91
(87252) 46-90-21
Версия для
слабовидящих
» » «Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған»
25
ноябрь
2021

«Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған»

Ағымдағы жылдың 25 қараша күні Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қалалық білім басқармасының «Жұлдызды 30 күн» жоспарына сай барша адамзат баласы бас иетін асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету; аға буын өкілдері мен өскелең ұрпақтың арасындағы сабақтастықты нығайту; жастарды аға буын өкілдерін  құрметтеуге, олардың еткен еңбектерін үлгі тұтуға баулу; ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігі мұғалімдерінің, бірлестік жетекшісі Ж.Р.Жумагулова, Б.Н.Азимханова, Г.С.Айтинбетовалардың ұйымдастыруымен «Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған»  ардагер ұстаздармен кездесу кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

      Кездесу кешіне талай жылдар білім саласында қажырлы еңбек атқарған, атап айтсақ, облыстық білім департаментінің басшысы қызметін атқарып, қазіргі таңда «Облыстық білім саласы ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Құрмет Орденінің» иегері, Халықаралық психология ғылымдары академиясының академигі Байғұтов Нышан Тасболатұлы мен киелі мектеп-гимназиямызда қаншама жыл шәкірттердің бойына білім нәрін құйып,абыроймен зейнеткерлікке шыққан Зейнетаева Үржан Зейнетайқызы, Бекболатова Алма Тыныбекқызы, Бекжігітова Маржан сынды ардагер ұстаздарымыз келіп, кештің құрметті қонақтары болды.Көрермен қауым мен қонақ болған ардагерлер өтілген іс-шараға алғысын білдіріп, әсерлерімен бөлісті. 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив