"Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы"
2021 жылдың 22 қазан күні қыз тәрбиесінде орын алып жатқан келеңсіз жағдайлардың алдын-алу мақсатында, қыздар арасындағы құқықбұзушылыққа жол бермеу, ертежүктіліктің алдын алу мақсатында 8 "А" сынып жетекшісі Дәрменбай Алия сынып қыздарымен "Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы" атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Еңбекші ауданы әжелер алқасының мүшелері Базмухамбетова Самал ханым, Алтанова Интизир ханым, №14 емдеу орталығынң акушер маманы Моминова Феруза ханым, мектеп инспекторы М.Умбетаев, ДТІЖО А.Акпаева, мектеп медбикесі Т.Укубаева, мектеп психологы М.Камбарова, сынып жетекшілер және ата-аналар қатыстырылды. Қазіргі қоғамда қыз тәрбиесіндегі орын алып жатқан қателіктер кімнен екендігін, физиологиялық тұрғыдан өзгеріс пайда болған қыздардың аналарына маман ретінде келген қонақтар кеңестерін беріп, пікір алмасты.