09
февраль
2022
"Мұқағали - мәңгілік ғұмыр"
Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні Т.Рысқұлов атындағы 25 мектеп-гимназиясының 6 "В" сынып оқушыларымен тума талант, Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, дарынды дарабоз М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты тәлім сағаты өтілді. Ақпан айы - заманның ғажайып ақыны М.Мақатаев дүниеге келген айы. Тәлім сағатының мақсаты - қазақ поэзиясының мұзбалағы өмірі, шығармашылық жолымен таныстырып, оқушылардың поэзияға деген ынтасын арттыру, мәнерлеп оқу мәдениетін жетілдіру, Отанға, халқына, тілге, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Мұқағали мұрасы, маржан поэзиясы - болашақ ұрпақтың да еншісі, қадірлеп- қастерлейтін қазынасы. Сынып жетекшісі Ж. Р. Жумагулова