21
февраль
2024
21.02.2024
Кестелі сұлу сөздің иесі» атты «Абай оқулары» байқауы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясында ағымдағы жылдың 21 ақпан күні ҚР-нің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру мақсатында жалпы білім беретін мемлекеттік мектептердің 5-10-сынып оқушылары арасында мектепішілік «Кестелі сұлу сөздің иесі» атты «Абай оқулары» байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Жауапты: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.С.Султанова мен Б.Н. Азимханова.
Бұл байқау қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің "ҰЛТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР" тақырыбындағы апталық барысында өткізілді.
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау, оқушылардың классикалық әдеби шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақынның поэзиясына, рухани мұрасына құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Қазақ аспанынан жарқырап шыққан жарық жұлдыздардың үркердей ұлы шоғырында алдымен есімі аталатын арысы, бәйтерегі ол – Абай!
Шыңғыстауда дүниеге келіп, әлемді мойындатқан, дала сахнасының төрінен көрініп, тұтас адамзатқа ортақ биік парасатты мұраттарымен, болашаққа деген сенімдерімен, бүгінгі ұрпаққа ұлылығымен әйгіленген ұлы тұлға ол - Абай!
Кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы да – Абай!
Байқау екі кезеңнен тұрды:
1-кезең - «Өлеңі бізге рухани азық секілді...» ақынның бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқу бөлімі.
2-кезең – «Білгенге маржан» сұрақ- жауап кезеңі қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беру керек.
Мектепішілік «Абай оқулары» байқауына 5-10-сынып оқушылары арасынан жалпы 9 оқушы қатысты.
«Өлеңі бізге рухани азық секілді...» кезеңінде байқауға қатысушылар ережеде берілген ұлы ақынның шығармаларынан

