05
январь
2024
5.01.2024 қаңтар
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Т. Рысқұлов атындағы 25 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің "ҰЛТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР" апталығының жабылу салтанаты ақиық ақын қазақ поэзиясының мұзбалағы М. Мақатаевтың туған күніне орай "МҰҚАҒАЛИ - МӘҢГІЛІК ҒҰМЫР" атты әдеби-танымдық кешпен қорытындыланды.Кеш мақсаты - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтарда жарияланған "Тәуелсіздік - бәрінен қымбат" атты мақаласының аясында ұлттық құндылықтарды таным мен тағлым тұрғысынан бағамдап, келешек ұрпаққа сақтап жеткізу ойын жеткізу, ақын өмірі мен шығармашылығын, өнегелі өмірінің өрнекті тұстарын насихаттау, өскелең ұрпақтың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, ұлтжандылыққа, ұлттық өнерді қадірлеп-қастерлеуге, бағалай білуге тәрбиелеу..
Кеште ақынның сырлы өлеңдерінен көркемсөз мәнерлеп айтылып, тамаша әндері шырқалды. "Уақыт", "Мұқағалидың ауылға соңғы келуі", "Бақыт деген не?" атты сахналық қойылымдар көрсетілді. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы мен "Алтай - Атырау" поэмасынан үзінділер жатқа айтылып, сахналанды. Өз кезегінде әсем ән мен құдіретті күй де орындалды. Кеш әсерлі де жоғары дәрежеде өтілді, апталық қорытындыланып, ерекше белсенділік танытқан оқушылар марапатталды. Жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері Ж. Жумагулова мен Ә. Дәрменбай

