15
апрель
2022
Қалалық «А.Байтұрсынұлы – қазақтың рухани көсемі» атты әдеби кеші
Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні Шымкент қаласы, Әдістемелік орталығы мен №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ақын, әдебиет зерттеушісі, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып,нағыз ғылымдық дәрежеге көтерген Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай " Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың рухани көсемі " атты әдеби кеш болып өтті. Кештің мақсаты: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылы 5 қаңтарда жарияланған "Тәуелсіздік-бәрінен қымбатты" атты мақаласының аясында ұлттық құндылықтарды таным мен тағылым тұрғысынан бағамдап,келешек ұрпаққа сақтап жеткізу ойын жүзеге асыру мақсатында Алаштың ардақтысы, ұлттың рухани көсемі А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай оқырмандарға ақынның өнегелі өмірінің өрнекті тұстарын насихаттау. Әдеби кеш ерекше форматта "Ашық алаң"айдары аясында көрініс тапты.Онда ойшыл ақынның ақындығы, қоғам қайраткерлігі, аудармашылығы, ағартушылығы оқушылардың ізденіс жұмыстарымен, мәнерлеп оқуларымен, ақынның қиын қыстау кезіндегі өмірін сомдаған сахналық көріністермен айшықтала түсті. Кеш соңы Әліппе оқулығын қолдарына ұстап,жүздері бал- бұл жанған кішкентай бүлдіршіндердің мәнді сөздерімен мәресіне жетті. Кешке келген қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп, ұстаздарға,оқушыларға шығармашылық шабыт тіледі. Іс-шараға жауаптылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.Кожамұратова, А.Султанова, Ф.Байбосын, Ж.Ақылбекқызы
