«А.Байтұрсынұлы - қазақтың рухани көсемі» атты апталығы
Ағымдағы жылдық 11-15 сәуір аралығында Шымкент қаласы, Т.Рысқұлов атындағы №25мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі Алаштың ардақты азаматы, біртуар, ұлт ұстазы, ақын-аудармашы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «А.Байтұрсынұлы - қазақтың рухани көсемі» атты апталық өтілді. Апталықтың мақсаты - жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, ұлттың рухани көсемі,Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру, ұлт ұстазының өмір жолынан,еткен еңбегі арқылы жас буын бойына отансүйгіштік, ұлтжандылық, ұлттық құндылықтарды сіңіру, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды, еңбекқор, адал ұрпақ тәрбиелеу. Апта барысында «Ұлттық рухтың ұлы ұстазы», «Даланың жарық жұлдызы» атты сыныптан тыс сағаттары, «Ұлт көсемі» атты А.Байтұрсынұлы бұрышы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 8-11сыныптар арасында «Ахмет –ұлт ұстазы» тақырыбында эссе жазу, 5-7сыныптар аралығында «Ахмет мысалдары – балалар көзімен» атты сурет салу байқаулары өтіліп, балалармен шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Үздік жұмыстар бағаланып, марапатталды. Пән мұғалімдер ашық сабақтар өтіп, тәжірибе алмасты. Апталық соңы «А.Байтұрсынұлы - қазақтың рухани көсемі» тақырыбындағы қалалық әдеби кешпен аяқталды. Әдеби кешке қала мектептерінен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, Шымкент қаласы, Әдістемелік орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Ж.Ә.Арысбаева қатысып, оң пікірлерін білдіріп, мектеп ұжымына алғыс білдірді.