Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефоны приемной:
(87252) 20-08-91
(87252) 46-90-21
Версия для
слабовидящих
08
апрель
2022

"Даланың жарық жұлдызы"

Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні Т.Рысқұлов атындағы 25 мектеп-гимназиясының 6"В" сынып оқушыларымен ұлттың рухани көсемі, ақын - аудармашы, біртуар азамат А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай "Даланың жарық жұлдызы" тақырыбында сыныптан тыс жұмыс өтілді. Мақсаты - жас ұрпаққа еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы А.Байтұрсынов өмірі мен шығармашылық жолын насихаттау, жас буын бойына отансүйгіштік, ұлттық құндылықтарды дарыту, ұлтжанды, еңбекқор, адал ұрпақ тәрбиелеу. Топтық баяндаушылар, зерттеушілер жұмыс жасап, ақын мысалдарынан сурет салып, шығармашылык жұмыстарын қорғады. Сөзжұмбақ шешіп, "Мойындағы борышты білу - білім ісі, борышты төлеу - адамшылық ісі" деген ғалым сөзімен қорытындылады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Р.Жумагулова

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив