11
март
2022
«Ұлттың ұлы ұстазы»
Ағымдағы жылдың 11 наурызында Т.Рысқұлов атындағы №25мектеп-гимназиясында 9 «А» сынып оқушыларымен қазақтың рухани көсемі, Алаш ардақтысы, қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының туғанына 150жыл толуына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты тәрбие сағаты өтілді. Сабақтың мақсаты - Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру; ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу; оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.
Оқушылар топқа бөлініп, пікірталасқа түсті, сұрақтарға жауап берді.Жас ұрпақтың таным деңгейі артып, ұлттық құндылықтарды ұғынды. Сынып жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.С.Айтинбетова