Жаңаша әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолдану ─ табысты оқу кепілі.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасында білім беру ісіне зор мән берілгені белгілі.
Білімнің бастауы, қайнар көзі – мектеп болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы – бастауыш білім беру саласы екені баршамызға аян. Осы тұста Мұхтар Шаханов ағамыздың «Бала жүрегі кішкентай күйсандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол кілт жүруі керек» дегендей, бастауыш сынып мұғалімі үнемі ізденісте болуы керек.
Сол ізденістің дәлелі ретінде бүгінгі тәжірибе алмасу семинарын ұйымдастырып отырған Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып кафедрасы туралы айтар болсам, бүгінгі таңда бастауыш сыныптарда 32 сынып, 3 мектеп алды даярлық тобы бар. Бірлестікте 36 мұғалім еңбек етеді. Оның ішінде «Аға мұғалім» атағын алған – 1 мұғалім, «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі – 1мұғалім, ОҚО «Үздік мұғалім» төсбелгісі -3 мұғалім , «Білім шыңы төсбелгісін» алғандар - 4 мұғалім.
Бастауыш сынып кафедрасында ардагер ұстаз Жексенбиева Шолпан, Амирбекова Шарипа апайларымыздың озық іс-тәжірибесі облыс көлемінде, Есмұрзаева Лазда апайдың «Халық шешендері» атты әдістемелік құралы қала көлемінде, Акенова Эльмираның электронды оқулығы республика көлеміне таратылды. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы», «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастырған «Жаңа бастама, жаңа ұстаным» атты облыстық байқауында мектебіміздің тәжірибелі ұстазы Прназарова Альфия «Бас жүлдені» иеленді. Бірлестік мұғалімдері облыстық, қалалық білім-өнер сайыстарына қатысып жүлделі орындарды иеленуде.
«Ұстаз еңбегінің жемісі – шәкіртінің жеңісі» демекші біздің мектебіміздің оқушылырының жетістіктері де ұшан-теңіз. Атап айтсам, Болгарияда, Париж де және ТМД елдері оқушыларының арасында Москвада өткен халықаралық математикалық олимпиаданың І , ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен Әбдәшім Ақниет пен Абдашимова Мереке марапатталды. Сонымен қатар республикалық, облыстық, қалалық пән олимпиадалары мен зияткерлік сайыстарының және облыстық кіші ғылыми жобалардың жүлдегерлері де жетерлік.
«Бұлақ көрсең, көзін аш»деп халық даналығы айтқандай мектебімізде көркемөнерпаздар мен спорттық және пәндік үйірмелер жұмыс жасайды. Үйірме жұмыстарының жүйелі жүргізілуінің нәтижесі Республикалық көркем сөз, ән, күй, би шығармашылық жұмыстар байқауында «Эстрадалық вокаль наминация бойынша» байқау жеңімпазы және халықаралық әртүрлі жанрлар байқауының бас жүлде иесі 4-сынып оқушысы Сәрсен Асылай және «Талантты Қазақстан» атты халықаралық көпжанрлық байқау-фестивальда «Нәзік» би тобы бас жүлдемен марапатталып Ташкент қаласында өтетін байқауға жолдама алды. Ұстаздарымыз үйірме жұмысы арқылы оқушыларды шығармашылықпен айналысуына ықпал етіп, қазіргі заман талабына сай рухани адамгершілік, қасиеттерін бойларына сіңіруде.
Сөзімнің соңын ұстаздардың ұстазы Әл-Фараби бабамыздың сөзімен аяқтасам, «Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі.., мейілінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ.., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек». Осындай асыл да ізгі қасиеттерді бойына сіңірген ұстаздарымыздың еңбектері жана берсін!
Жаңа тәсілдерді сабақта қолдану









Өнерлі бала ─ елдің көркі






