9 «А» сынып оқушыларымен «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты ашық сабақ
09.02.2022ж Тау тұлғалы, өр мінезді, поэзия саңлағы М.Мақатаевтың туған күніне орай 9 «А» сынып оқушыларымен «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты ашық сабақ ұйымдастырылып өтілді. Мақсаты - М. Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, ақынның бай шығармашылық дүниесімен таныстыра отырып, ақиық ақын Мұқағалиды шексіз сүюге, жас буынды поэзия нәрімен сусындату, ақынның өлеңдеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту, оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу және өлең оқуға, логикалық ойлау қабілетін, сана - сезімін дамыту. Отанды, туған жерді сүюге, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу. Сынып жетекшісі Г.С.Айтинбетова