29
февраль
2024
29.02.2024
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Т.Рысқұлов атындағы N25 мектеп-гимназиясында м
2024 жылдың 29 ақпан күні 1 наурыз АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ орай, 7 сыныптар арасында «Жігіт сұлтаны-2024» байқауы өтті.
Жалпы байқау мақсаты - әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту; ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Сайысқа мектебіміздің 7-сыныптарынан 7 жігіт бәсекеге түсті.
Байқау 5 кезеңнен құралды:
І кезең " Мен балалық шақтың капитанымын» өзін таныстыру;
ІІ кезең «Өнерлінің өрісі кең» өнер сайысы;
ІІІ кезең «Күш атасын танымас» күш сынасу;
ІV кезең «Білімді мыңды жығар» сұрақ-жауап сайысы;
V кезең «Шеберлінің қолы ортақ» қолөнер бұйымдарын жасай алуы.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, қазылар алқасының шешімі нәтижесінде қатысушылар мынадай номинациялармен марапатталды:
1. Бас жүлде - Қалила Нұрқанат 7 «Д» сынып оқушысы;
2. І-орын - Мырзахан Нұрсұлтан 7 «В» сынып оқушысы;
3. ІІ-орын - Жолдас Бақдаулет 7 «Е» сынып оқушысы;
4. ІІІ-орын - Асанбай Мейіржан 7 «Ә» сынып оқушысы иеленді.
