15
март
2024
15.03.2024
«Әбіш оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңіне Т.Рысқұлов атындағы 25 мектеп-гимназиясының 8 «Ғ» сынып оқушысы Илхам Фариза «Иллюстрациялық суреттер салу» бағыты бойынша қатысып, жүлделі
1-орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі Азимханова Б.Н.
«Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу» бағыты бойынша 9 «Д» сынып оқушысы Абдивахаб Іңкәр қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды. Жетекшісі Байбосын Ф.Е.
Гимназиямыздың абыройын асқақтатқан жүлдегер оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтап, «Әбіш оқулары» байқауының республикалық кезеңіне «Иллюстрациялық суреттер салу» бағыты бойынша жолдама алған 8 «Ғ» сынып оқушысы Илхам Фаризаға алдағы додадан да оза шауып, жүлдемен оралуына тілектестік білдіреміз.

